Дәстүрді жаңғырту жолы

0 77

Қордай ауданының атшабарында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу үшін облыстық ашық турнир өткізілді.
Бұл шараның ұйымдастырылуы – біздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғыртып, жастар арасында ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Турнирдің негізгі мақсаты – қазақтың көшпенді мәдениетінің байлығын көрсетіп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Спорттың бірнеше түрі, атап айтқанда, бәйге, арқан тарту, гір тасын көтеру бойынша спортшылар өз шеберліктерін көрсетті.
Турнирде Жамбыл облысының түрлі аудандарынан келген спортшылар өздерінің шеберліктерін көрсете отырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұнда тек жарыс қана емес, ұлттық құндылықтарымызды біріктіретін мәдени іс-шаралар да өткізілді.
Мұндай турнирлар жастар үшін ұлттық бірлік пен патриотизмді қалыптастыратын алаң. Бүгінгі таңда, жастардың спортқа, соның ішінде ұлттық спортымызға қызығушылығын арттыру – қоғамымыздың дербес, жауапкершілігі мол азаматтарын тәрбиелеу жолында маңызды қадам болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.