АҚШ — Қазақстан экономикасына инвестиция салып отырған ТОП-3 елдің біреуі

0 62

АҚШ Қазақстан экономикасындағы негізгі инвесторлардың үштігіне кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, 2005 жылдан бастап АҚШ-тан тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы ағыны 48,8 млрд долларды құрады.

Бұл — Қазақстанға тартылған барлық шетелдік инвестициялардың шамамен 13,5 пайызы.

АҚШ ел экономикасының негізгі 3 инвесторының қатарына кіреді.

Америкалық инвесторлар тау-кен өндіру секторына көбірек қызығушылық танытады.

Еліміздің тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі барлық тікелей шетел инвестициясының шамамен 30 пайызы америкалықтарға тиесілі.

АҚШ-тан тікелей инвестициялардың аздаған көлемі қаржы және сақтандыру қызметінде (үлесі 6,6%) және геологиялық барлауда (9,8%) тіркелген.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде америкалық капиталдың қатысуымен шамамен 695 кәсіпорын тіркелген.

Оның 658-і — шағын, 15-і — орта және 22-сі — ірі кәсіпорындар.

Қазақстандық-америкалық 168 кәсіпорын көтерме-бөлшек саудада, 181 компания өзге қызмет түрлерінде, ал 83 компания кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте шоғырланған.

Өңдеу өнеркәсібінде барлығы 36 америкалық кәсіпорын бар.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.