Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылады

0 6

Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба Мемлекет басшысының Түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге аспақ.

«TURAN» АЭА аумағы 4 гектарды құрап, 6 қосалқы аймақтан тұрады. Олар Тарихи орталық, Әкімшілік-іскерлік орталық, Greenfield (Оранғай ауылы), Brownfield өнеркәсіптік қосалқы аймақ (Кентау қаласы) және Түркістан қаласы мен халықаралық әуежай аумағы.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды маңызды жобаны жүзеге асыру барысын талқылау мақсатында жауапты сала басшыларының басын қосты.

«Біздің басым бағыттардың бірі – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта бар мүмкіндікті қарастырамыз. Бұл ретте Түркі мемлекеттерінен де инвестиция тартудың маңызы зор», – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттер ұйымына мүше елдердің Мемлекет басшыларының қатысуымен Самарқанда өткен саммитте «TURAN» АЭА құру туралы Қазақстан бастамасы барлық мүшелер тарапынан қолдау тапқан болатын. Негізгі мақсат – Түркістан қаласын жеделдете дамыту және Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату.

Leave A Reply

Your email address will not be published.