Жаһандық экономикалық өсім баяулайды – ХВҚ

0 2

Жаһандық экономика өсімі 2022 жылы 3,5% болған. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2023 және 2024 жылдары бұл көрсеткіш 3%-ға дейін төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«2023 жылға арналған болжам сәуір айындағы «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» есебінде болжанғаннан біршама жоғары болғанымен, тарихи стандарттар бойынша төмен болып қала береді. Инфляциямен күресу үшін орталық банктердің пайыздық мөлшерлемесінің өсуі экономикалық белсенділікке әсер етіп жатыр», — делінген құжатта.

Жаһандық инфляцияның жалпы деңгейі 2022 жылғы 8,7-ден 2023 жылы 6,8%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Ал 2024 жылы ол 5,2% болады.

Болжамға сәйкес, экономикасы дамыған елдердің 93 пайызында 2023 жылы өсім төмен болады. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 1,4 пайыз деңгейінде қалады. АҚШ-та экономикалық өсу 2022 жылғы 2,1%-ден 2023 жылы 1,8%-ға дейін баяулайды деп болжанған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 1%-ға дейін төмендейді.

Нарығы қалыптасқан, экономикасы дамушы елдердегі өсім 2022 жылы 3,1% болса, биыл және келесі жылы 4,1%-ға жетеді деген болжам бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.