Ақша айырбастау орындарында теңге нығайды

0 27

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449– 453 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,7 — 452,1 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 449 — 453 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 22 қаңтардағы ресми бағамы — 1 долларға 450,04 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,09 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97 — 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,93 — 5,07 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 19 қаңтар күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,76 теңгеге қымбаттап, 449,96 теңге болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.