Орталық Азия және ТМД (бұрынғыларын да қосқанда) елдері арасында Қазақстан жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша алдыңғы қатарда тұр. Kazinform бұл туралы Ranking сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) сарапшыларының пікірінше, 2023 жылы ҚР ЖІӨ көлемі бірден 259,3 млрд АҚШ долларына, 2022 жылмен салыстырғанда 15%-ке көп болуы керек.
Қазақстанның ЖІӨ Өзбекстан, Беларусь, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан мен Тәжікстанның жалпы ішкі өнімін қосқандағы көрсеткіштен жоғары.
Тек Ресейдің – ең ауқымды әлемдік экономикалардың бірінің көрсеткіші ғана Қазақстаннан жоғары. Олардың ЖІӨ 2023 жылы 1,86 трлн АҚШ долларына жетеді деп жоспарланған.
Сонымен қатар ХВҚ экономистері 2028 жылы Қазақстанның ЖІӨ 354,7 млрд долларға, биылғы жылмен салыстырғанда бірден 36,8%-ке немесе 95,4 млрд долларға артады деп болжап отыр. Бұл да РФ-нан кейінгі ең үлкен көрсеткіш.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке одан да үлкен міндет қойды: 2029 жылға қарай ЖІӨ 450 млрд долларға дейін арттырып, Қазақстан экономикасын екі есе өсіру.
Егер экономикалық өсім жыл сайын тұрақты түрде кемінде 6% көрсетіп отырса, оған қол жеткізу әбден мүмкін. Мұндай стратегиялық мақсатқа жетуде өңдеу өнеркәсібі жобаларын жүзеге асыру маңызды рөлге ие екенін айта кеткен жөн.