Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,87 теңгеге төмендеп, 1 доллар 457,63 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459, 69 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 457,5 теңге, сатып алу – 459,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 458 теңгеден болса, сатып алу – 460 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,91 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,98 – 5,03 теңгеден сатылуда.