Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, қала тұрғындары мен студент жастар қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.






