Жамбыл облысының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал нысандарға тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда

0 1

Жамбыл облысының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал нысандарға қатысты үнемі тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері тұрақты негізде осы нысандардың қызметкерлерін тұрғын-жайларды қарау техникасына оқытып, жарылыс құрылғыларын қалдырып кету мүмкін болатын орындарды анықтау бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» № 416-І Заңының талаптарын сақтау мақсатында террористік тұрғыдан осал нысандардың басшылары бизнес өкілдерін шақыра отырып брифингтер өткізуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және немесе тиісінше орындамау әкімшілік жауапкершілікке 20 нысан басшысы тартылып, оларға қатысты 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.