Қара ағаш түбіндегі оқиға (Жалғасы)

0 2 135

5. ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ӘҢГІМЕ

Сырқылдақ «Москвич», бұрынғы бір оқиғадан алған соққыдан болар, бір бүйіріне қарай қисая тартып келед­і. Машина тізгінін ұстаған Нұр­лан көзіне түсіре киген ақжемденген кепкасын шешіп, үстіне киген көнетоз күртенің жағасын түсірді.
– Нұреке, милицияға келмегеніңде­ сенен жақсы әртіс шығады екен-ау.
– Ореке, қайбір әртістік дейсің… Осылай киінуге тура келді. «Аналар» менің осында жүргенімді нақты біл­мегенмен, сезетін сияқты көрінді. Осындағы ағайдың үйіне телефон шалып, менің қайда екенімді сұрапты. Ағам мұның сырын қайдан білсін: «Жаңақорғанға келгесін үйге келмейсің бе, кілки сырттайсың да жүре­сің»,- деп кейіп берсін. Мен: «Аға, мен Ақмешіттемін, сіздер жаққа бара алмай жатырмын. Жұмыс көп», – деп әзер бастым. Содан, әлгі ой маза бермеді де, осы киімдерді жігіттерге тапқызып алдым, түлкі «Қырық мың айлам бар, бірақ ең дұрысы көрінбеген»,- депті ғой.
– Ал, енді оқиғаны дұрыстап айтшы…  «Нұржолға» дейін жарты сағаттан  аса  уақыт  бар  ғой.
– Мен Шымкенттегі милиция мектебінде оқып жүрген кезімде Жаңа­қорған ауданында осындай оқиға болыпты дегенді естіген едім, бірақ кейін осы істің маған кез боларын кім білген. Оқиғаның жалпы нобайын мана айттым ғой. Сонымен осы іс бойынша Жаңақорғанға кел­дім, менімен бірге Асқар Сейітов кел­ді, Ертаевқа жолығып, ақылдастық, істі олар ашық, мен құпия жүргізетін болып келістік. Ордабектің үйіне баратын болдық, мен штатски киіндім, негізгі әңгіме жүргізетін Ертаев болды, оған «Менің кім екенімді айтпа, зәуқайым, өте қажет болып жатқан жағдайда шопыр ғой дерсің» – деп еске­ртіп қойдым. Үшеуіміз Қазыбек Ертаевтың машинасымен марқұмның үйіне келдік, біз машинадан түсіп, үйге беттеймін дегенше, үш-төрт жас бала далаға жүгіре шыққан еді. Әлгі балалардың үстін көріп, жүрегім ауырып кетті, әйтеуір киім деген аты ғана. Бізді жеңгей күдікпен қарсы алды, Ертаев өзі мен бізді таныс­тырып жатыр, сөйтсек, ол кісі бұл жігітті білетін болып шықты.
– Уу-аһ… Не дейін… Ордекең кісі қолынан кетті ғой. Мен қалдым аңырап, жеті бала қалды жамырап, үй қалды қаңырап… Есіме түссе ішіме у  толып кетеді. Ең болмаса құныкерлердің жазаланбағанын айтсайшы, жаныма батып жүргені осы ғой, сонда адамның мал құрлы құны бол­мағаны ма? Дүмділер дегенін істеп жүре бере ме? Заң қайда? Құдай қайда?  Уу-аһ…
– Жеңгей, түсінеміз ғой, бәрін. Біз сол сіздің арызыңыз бойынша жүр­міз, – деді Ертаев.
– Аһ… уһ… Оны өзім де сезіп отырмын. Қазыбекжан, сені дұрыс жігіт, қолы таза деп естуші едім. Алла жар болғай та… Аһ… уһ… Одан басқа мен сенер  кім  қалды?!
Осыны айтты да ол маған күдік­тене қарады, әбден запы болып қал­ғаны көрініп тұр. – Мына бала кім? Түрі таныс сияқты, бірақ жыға тани алмай  отырмын…
Мен Ертаевты түрттім, ол да түсін­ді. – Жеңеше, бұл бала басқа жақтікі, шопыр ғой, осының машинасын мініп жүр едік. Ал мына жігіт бізге қызметке жаңа тұрып жатқан молодой сотрудник, былық-шылықтан таза, сосын бізге көмекші болып жүр.
– Ә… Айтпақшы, мен сендерге папканы  әкелейін… уһ…
Ол жылдамдата төргі бөлмеге өтті де, көп кідірмей бір папканы қолтығына  қыса  қайта  оралды.
Ертаев папкадағыларды қарай баст­ады, мен жеңгейге байқатпай Ертае­втың қасына қисая жатқан болып қағаздарға көз салам: Аудандық прокурор мен РОВД бастығына, Облпр­окурор мен УВД бастығына, генпрокурорға, премьер-министрге, президентке жазған арыздардың көшірмесі, кейбір азаматтардың оқиғаға қатысты ой-пікірлері, түсі­ніктерінің көшірмесі, түрлі инстанциялардың жауабы. Осылардың арасын­да Кенжебаев дегеннің жаз­басы жүр екен. Мен Ертаевқа белгі бердім, ол түсінді де, әлгі қағаз туралы  сұрай  бастады.
– Жеңгей, мына бір қағаз түсінік­сіздеу  екен?
– Уһ… Е… Құдай аямаған бізді кім аясын?! Ордекең туралы не естісем, соны жаздырып алып жүрмін… бір керегі болар деп. Бұл мына көрші ауылдағы Айманның мұнайда істей­тін баласының жазғаны ғой. Дірілдеп, қорқып отырып жазды, сорлының мен де жанын қоймадым «сотқа берем» деп. Бірде, осыдан екі-үш жылдай бұрын сол ауылдағы құдайыға барсам, әлгі бала қатты қызғын екен, көшеде кездесіп қалды да: «Ордекеңді Сағадат өлтіріпті, Алмат қожадан естідім, оған өзі айтыпты»,  – деп қарап тұр. Бұдан соң мен ізінен қалам ба, адамдардың опасыздығынан талай­ ауыз күйген ғой, сол жерде не естігенін табандатып отырып өзіне жаздырып алдым. Бұл сол қағаз ғой… Елдің бәрі Сағадаттан болды дейді… Қайдан білейін, көзім анық жетпей отыр ғой, жетсе қолым соның жағасында кетер еді… Бірақ, ішім сол дейді, мен де содан күдіктенем… Оның үстіне Ордекең насыбай сұратып  жатыр  деп  Сағадат пен Тұрғанбай келіп тұр бір күні. Ау, кеше ғана біраз насыбай алып кетті ғой, бұрын осындай ғып көп алса бір аптаға жететін­ еді ғой – дедім. Олар кетерде Тұрғанбай сәл кідіріп, Сағадаттың көзін ала бере: «Ордекең мен Сағадат ілінісіп қалды», – дегенді айтып үлгірді, анау Тұрғанбайды ала көзімен ата, «Жүр-жүрдің» астына алып, шығып кетті. Әй, негізі солар со күні Орде­кеңді жазым қылып келіп тұр ғой маған – деген ой келеді қазір… Қайтейін… «Балалар қамы» деп малдың соңында үш-төрт күндеп кететін еді ғой… Уһ… Ішім жанып кетеді…
Осыдан соң біз жеңгейге жан-жаққа құлақ түре жүруді тағы да ескерт­тік те, Жаңақорғанға қайттық. Сейітов: «Кенжебаев дегенді тауып алып, сөйлесейік», – деген ұсыныс жасағанмен, менің жұртты дүрлік­тіргім келмеді. «Жігіттер, оған да, Тұрғанбайға да кейін келейік, біз алдым­ен Алмат қожа дегенді тауып алалық. Әңгіме содан шығып тұр ғой. Оның үстіне Алматпен сөйлесуге Кенжебаевтың жазбасы бізге құқық бермей ме?! Әрине, береді. Жаңақор­ған өңірінде қожа көп болғанмен, Алмат аттылары көп емес шығар, оның үстіне жас шамасы Кәрішаловпен қатарлас болса 26-28 шамасында болуы керек», – дедім. Үшеуіміз осыған бәтуа қылдық, сөйттік те үш бағытт­а іздестіре бастадық. Ізін шығарып, кім екенін анықтауға бір-екі күн кеткенмен, ол жігітпен кездесу ұзаққа созылып кетті, біресе вахтаға кетіп қалады, біресе жолаушылап Алма­тыда жүреді. Қанша асықсақ та бізге істі дабыра қылмау үшін күтуге тура келді. Алматпен қабат Кабир Кенжебаев пен Тұрғанбай Разақов туралы да мәліметтер жиналды. Ел ішінде айтылып жүрген «Сол оқи­ға­ны Мәтеновтің қой бағып жүрген бала­лары көріпті», – деген әңгімеге қатысты да жұмыстар жүргізілді. Бір айдай уақыт өткен шамада Сыздықовпен тілдесудің сәті түсті. Оны кезек­ті вахтадан келгесін Кенжебаев екеуін Алтын сарай жақта «жүз грамдатып» отырған жерінен таптық. Мен оған көрінбегенім дұрыс деп шештім де, Қазыбек пен Асқар Алмат қожаны­ машинасына мінгізіп алды, менің машин­ама Кенжебаев мінді. Содан көпірге қарай келе жатырмыз. Кенжебаевтың тізесі дірілдеп отыр.
– Немене, тоңып отырсың ба?
Ол селк ете қалды, арақ ішті дейтін емес, тіпті. Маған тесіле қарады.
– Сен де милициясың ба?
– Жоқ… Түркістандікімін. Кеше клиенттер әкелген едім, мына жігіт­тер көмек сұраған еді. Сосын жүрмін, маған бәрібір емес пе, пұлын төлесе болды…
Ол тағы да үнсіз қалды. Көпірден бұрылып тоқтадық. Олар алда, мен артта, алдыңғы машинада үлкен тайталас жүріп жатқанын сезіп отырмын. Оның үстіне Қазыбектің анаған шынын­ айтқызатынына сенімім зор. Алдында үшеуіміз әңгіменің Кенжебаевтан шыққанын Алматқа айтпаймыз, бұл факт кейін керек болар, әуелі «жұрттан есіттік» делік, Ордабектің үйінің қасіретін, халін айталық, иманы болса шынын айтар, – деп келіскенбіз. Мынаны әңгімеге тарту үшін оны-мұны айтып отырдым, онда тіл жоқ. Сол сәт «Егер Алмат­ Сағадатқа біздің әңгімеміз туралы­ бүгін жеткізсе, ол қашып кетуге­ талап қылмай ма?» – деген күдікті қылаң берді. Санамда жаңа бір жоспар туа бастады. Содан соң мынаны да пайдаланып көрейін, мүмкін қармақ қауып қалар, – деген ой келді.
– Ақшаң көп жігіт сияқтысың. Қыдырмайсың ба… Мен мыналардан босасам, ертең Түркістанға қайтамын. Бізде бәрі арзан ғой… Барып бір шалқылық… Маған пұлын төлесең болды, зыр еткізем… Әйтпесе, қашан төрт  клиент тапқанша сарылып тұрамын ғой… Бұ жақта ешкімді танымаймын… Кеше мыналар жібермей, машин­аға  қондым… Шеше…
Ол маған тесіле қарады да, саусақтарын шошаңдатты, сірә, түрмеден оралғандардан үйренгені болар, мен түсінбедім.
– Бұлар солай… Қолына бір ілікпе… Іліктің бітті – өлді айрылмайды, сорпылдатып сорады да отырады, сорады да отырады. Көнсең – бар жиған-тергеніңді осыларға бересің, көнбесең – сотталып кетесің. Сорлы Алмат сорлайтын болды-ау енді.
– Алматың кім?
– Ана машинадағы, мыналар мінгізіп алған жігітті айтам.
– Қараптан-қарап сорлап не бопты?­
Мынау тағы үнсіз қалды. Бір кезде­ алдыңғы машинадан түскен Асқар бізге қарай жүрді. Мынаның түрі қашып кетті. Ол анаған байқатпай көзін қысты, мен Алматтың шындықты айтқанын түсіндім. Асқар да тәжірибелі опер ғой, бір жайтты ойланы­п қалды-ау деймін, сәл тұрды да  бізге  таяп:
– Машинадан түсіңдер, мында келің­дер, – деді. Ішімнен бұл неге керек­ болды екен деп қоямын. Ана машинадағылар да түсті, біз соларға қосылдық. Осы кезде тізгінді Асқар алды.
– Мына жігіт кім? – деді ол Алматқ­а Кенжебаевты көрсетіп.
– Бірге жұмыс істейміз. Кеше вахтадан келдік…
– Ім-м… Сенің фамилияң кім?
– К-Кенжебаев.
– Мұның бізге керегі жоқ. Бірақ бүгінгі біздің кездескеніміз  туралы біреуге  айтар  болсаңдар,  қылмыстық жауапқа тартамыз. Түсіндіңдер ме?  Бұл  шарт,  түркістандық  таксист, саған­ да қатысты. Есіттіңдер ме? Қазір  екеуіңді  манағы  жерге  апарып  тастаймыз.  Ауыздарыңа ие болыңдар.­
Екеуі басын шұлғыды, Кенже­баевтың лезде-ақ ажары кіріп қалды. Мен Асқардың ойын енді түсіндім. Осы әрекет арқылы ол, біріншіден, менің басқа жақтың адамы екенімді көрсетсе, екіншіден, Кенжебаевтың бұл іске қатысы жоқ екенін айтып, Алмат та оған деген күдік тумауын қамтамасыз  етіп  тұр  екен.
Оларды апарып тастадық, менің машинамда отырып, жұмысты қорыттық. Барлығы өзіміз ойлағандай болды. Алмат бастапқыда: «Ондай­ әңгімені естіген жоқпын» деп қашқанмен, кейіннен жесір қалған әйелдің жайын айтқасын, құдайдан қорықты ма, әйтеуір, «Әлгі әңгімені естігенім рас еді, бірақ Сағадат ол кезде­ қатты мас болатын, күліс ойнап отырғанбыз, ол ылғи су жаңа ақ­ша­лар­ды салды да отырды. Тіпті жігіт­тердің бірі: «Мына ақшалар банкіден шыққандай ноп-новый екен» – деп қалжыңдаған еді, Сағадат: «Артың­ды қысып  отырмайсың ба, ақшаң жоқ па – шық ойыннан, біреудің қалтасында не шаруаң бар»  деп шытынап шыға келді, – депті. Барлығы хаттама­ға түсіріліпті. Иә, бұл бір біткен шаруа болды. Мен өз болжамымды  айттым: Кәрішаловты бірден тұтқындамалық, ізін бағалық, мыналар  жеткізсе, ол қашуға талап қылар, сол кезді күтелік, – деп едім, Асқар: Айырылып қалмаймыз ба? – деген қауіп  айтты.
– Жоқ. Егер мыналар оған хабар жеткізетін болса, ол ертең менің машина­мды іздейтіні анық. Оған ешкім білмейтін көлікпен, ешкім танымай­тын шопырмен кеткені тиімді емес пе? Қазеке, қалай ойлайсың? Ал, ол қашпаса мыналардың хабар­ айтпағаны… Бұларды да бір тексеріп­  аламыз.
– Түу… Сенің де шығармайтының жоқ. Бірақ, барлығы сенің айтқаныңдай болып келе жатыр ғой. Келістік. Ал, енді мен бір қошқыртып насыбай атпасам  болатын  емес…
Ертеңіне таксистер тұрағына сағат оннан өте келдім. Бұл кезде Ертаевтар трассадағы МАИ бекетінің маңын­да, Түркістанға бағыт алған көліктерді  дүрбімен  бақылап отыр­ған болатын, егер менің машина фарым­ен  берген  белгімді көрсе, олар біз­дің алдымызға түсіп жүре беретін және күдіктіні Түркістанда ұстайтын болып­  келіскенбіз.

Машинаны тоқтатқаным сол еді, кепкасын баса киген, шаңырақтай қара көзілдірікті бір қатқан қайыс қара тап бола кетті. Есіктің әйнегін қағып, ашуымды сұрады. Ішімнен «Дәу де болса  Кәрішаловың осы болар»­ – деп отырмын. Ол алдыңғы орындыққа отырысымен машина әйнегінің күнқағарын түсіріп қойды, көзінің астымен жан-жағына сақ­тықпан қарайды, бет-жүзін анық көруге  көзілдірік  кедергі  жасауда.
– Таксисің  бе?
– Таксимін.
– Түркістанға бармақ ем.
– Апарамын. Бірақ, маған әлі үш адам  керек. Күтуге  тура  келеді.
– Мен сол төрт адамның пұлын өзім  төлесем  қалай  болады?
– Неге болмасын. Бірақ, әуелі ақысын төлейсің. Сосынғы шаруа – біздікі.
Сонымен ол ақшасын төледі де, машинаның артқы орындығына ауысып отырды. Базардың қасындағы бір үйге соға кететінін айтып еді, мен түркістандық екенімді, Жаңа­қорғанды білмейтінімді, өзі жол көрсетіп отыратынын айттым. Ол базар­ қасындағы бір үйге кіріп, он минут­тан соң шықты. Үйдің мұнаймен айналысатын кәсіпкер Жәмит­тікі екенін біліп отырмын. Кәрі­шаловтың мұнымен байланысы барын­, оның бәйге аттарына шабатын­ шабан­дозы, әрі бапкері екенін жігіт­терден естігенмін ғой, енді  менде  жүзін  қанша  жасыр­ған­мен мұның Сағадат екеніне күмәнім  қалмады.­
Барлығы жоспарлағанымыздай болды, Қазыбектер алдымызда, біз соңында Түркістанға тартып кеттік. Жол үстінде ол көзілдірігін, кепкасын шешті, түрін анық көріп келемін. Ауық-ауық бөтелке аузынан арақ ішіп келеді, түрі кетіп қалыпты сорлының, көзінің алды қалталанған, беті іскен. Тұсымыздан обгон жасап машиналар өтсе, сразу бетін басқа жаққа бұрып кетеді. Сөйтіп отырып межелі жерге де жеттік.
Қысқасы, оның Түркістанда бірнеше туысы бар екен, ол айтқан адрестерді жадымда сақтап, соңғы айтқан үйге ғана жеткізіп салаты­нымды,  қалғандарының  алыс  екенін айтты­м. Аз айтып, көп айтып не керек­, Түркістанға кіргесін Қазы­бек­тер менің машинамның соңынан ерді, екі-үш көшеден өтпей-ақ мынау аңду барын сезіп қойды.
– Мына бір сұр «Жигули» ізімізден қалатын емес қой өзі.
– Түркістан толы сұр «Жигули». Қайсысын құртасың…
Менің сөзіме құлақ асатын емес, ол қобалжи бастады. Тез әрекет ету керек болды, жылдамдықты резко бәсеңдете бастадым. Қазыбектер де түсінді ғой деймін, мен тоқтағанда олар да жетіп үлгірген еді. Машинадан енді шыға берген Кәрішаловты Қазыбек шалт қимылдап қайтадан салонғ­а сүңгітіп жіберді. Сезіктіні алғаш­  осылай  ұстадық.  Әуелі  қолын бос қойдық, кәдімгі әңгімеге шақырып едік, болатын емес. Содан арақ ішкіздік, үшеуіміз үш бағытта сұрақ қойып отырып, ойлануға мұрша бермеді­к.
– Ағайынды Мәтенов деген оқу­шыларды білесің бе? – деді Асқар.
– Бүгін Тұрғанбайды көрдің бе? – деді  Қазыбек.
– Осы сенің түсіңе өлген адамдар еніп жүрген жоқ па? – дедім мен.
Ананың көзі алақ-жұлақ етеді, бір түрлі қырылдаған дыбыс шығар­ғанмен сөйлер емес. Бұдан бұрын да бірнеше рет кісі өлтірген қылмыс­керлермен сөйлескенімде олар: «Өлтір­ген адамымыз түнімен түсі­мізге кіріп, ұйықтатпайды» – дегені есіме түсіп, мен сезіктіні осы бағытта сұрақтың  астына  алдым. Бір кезде ол: «Арақ  беріңде­рші» – деді, мен Асқарға­ ымдады­м, ол стақанға құймақ болып еді, мынау бөтелкені алды да, шалқая көмейіне құя салды. Оның арақ ішісі де қызық, бір түрлі, адами емес әрекет сияқты көрінді маған­ сол сәт. Осыдан соң барып қана манадан бергі естіліп тұрған қырыл  үннің  орнына  «Уһ… Алла-ай» – дегенді есіттік. Негізі ертең тергеу­ кезінде де осы «Түске кіреді» дегенді  есте  ұстарсың.
– Иә, мен де осыны байқағанмын. Талай рет кәнігі қылмыскерлермен сөйлестік қой, бірнеше рет кісі өлтіріп сотталғандардың өзінде де мұндай жағдай  болады  екен.
– Сонымен, біраздан кейін ол Әнесұлы­н өлтіргенін мойындады. Арғы жағы манағы айтқанымдай болып­  кетті  ғой.
– Сонда не үшін өлтіріпті? Ондай әрекетке бару үшін айрықша бір себеп­ керек қой?
– Ерегісіп қалдық, арты төбелеске ұласты. Содан кейін не істеп, не қойғаны­мды білмеймін, ашу қысқаннан ғой… – дейді.
– Жақсы-ы-е… «Нұржол» ауылына­ да кеп қаппыз ғой.
– Ал, енді жеңгейге өзімізді кім деп таныстырамыз. Бұл ауылда әңгіме жатпайды. Былтыр Ертаевтармен алғаш­қы келгеніміз жайлы сол күні-ақ РОВД-ға жетіпті, мені шопыр деп айтқанымыз және Асқардың да кел­гені­ дұрыс болыпты, «Бір шопыры бар екі мілитса Ордабектің үйіне келіп кетіпті» – деген хабар гу ете қалды  ғой…
– Апырмай, ә?! Біздің мұнда келген­іміз РОВД-ға белгілі бол­мағаны дұрыс еді… Мұны қалай ескерме­генбіз… Та-ак делік… Нұреке, онда бұл жолы да сенің әдісіңе көшейік. Журналистер едік дейік, камерамыз бар… Журналистен қай жеріміз кем… Сен бұрыннан таныс шопырсың… Бәрі қатып тұрған жоқ па… Аналар журналистерді іздеп бүліне берсін… Оған дейін де біз істі біраз  еңсеріп  тастамаймыз  ба…
– Келістік.  «Исатай – басшы,       мен – қосшы», – депті ғой Махамбет ақын. Алла, істің сәтін бере гөр та!
Дәл осы әңгіменің соңын күтіп тұрғандай аспанды қақырата найзағай ойнады. Кім білген, бәлкім, бұл жаратушымның пенделер тойым­сыздығы мен жауыздығына деген ашу-ызасы ма екен, әйтеуір, жерді тітірете, бұлт қабаттарын тілгілей сатыр­-сұтыр,  жарқ-жұрқ  етті.

6. ТАЙТАЛАС

Бұлар машинадан түсер-түспестен үйден жүгіре шыққан екі бала анадай жерге кеп тоқтады­, киімдері тым жұпыны, көзінен үміт ұшқыны мен қорқыныш қатар көрінеді, әбден жасқаншақ болып қал­ғандары байқалады, еркін сөйлесуге келер емес. Орынбектің ойына Нұрланның манағы әңгімесі түсті. «Апыр-ай, бұл ауылда бұларға қарайласатын бір мұсылман баласы­  болмағаны  ма?».
– Әу, батырлар, ассалау… қайда?  Бұл күле сөйледі. Сол кезде ғана әлгілер үрке таяп, сәлемдесе­  бастады.
– Әссалаумалайкүм! Бұл – үлкендеуінің дауысы­. Ал, кішісінің дауысы тым нәзік, үзілгелі тұр, әлде, ауырып жүр ме екен?!
– Сәләу…мә…ликім!
– Ау, мамаларың қайда, жігіттер?
– Үйде. Келе жатқандарыңды терезеден көріп  отыр…
Естияр болса мұны айтпас еді-ау, «Балалы үйдің ұрлығы жатпас» деген осы да. Екі жігіт бір-біріне қарады, ал балалар болса Нұрланның қолындағы бейнекамерадан көз алар емес, оларға­  одан  өзге  қызық  жоқ  қазір.
Марқұмның әйелі бұларды ортаңғы бөлмеде күтіп отыр екен, төрге салынған көнелеу құрақ көр­пеге тізе бүгісімен Орынбек қазақ салтыме­н көңіл айтты, өздерінің теледидар қызмет­керлері екенін, отағасының қазасына қатысты журналистік зерттеу жасап жүрген­дерінен  хабардар  етті.
– Уу-аһ… Не дейін… Ордекең кісі қолынан кетті  ғой, қарағым. Ауданнан бастап прези­дентке дейін арызданып жүрмін, бұл бір қағынған заман болды ғой, кейбіреулер тіпті мазақ қылуға айналды. «Өлер адам өлді, алты жыл өтті, енді қоймайсың ба, босқа шаршап…» – деп ақылгөйситіндер де бар… Беу, сорлы­ Ордекең-ай… Іздеушісінің сиқы мен ғой… қайтейін… қолдан келгенше тырысып-ақ жатырмын… А, қу құдай… не пиғылымыздан таптық екен. Адам баласына қиянатымыз жоқ еді… Атаңа нәлет қанішерлердің талтаңдап жүргендері анау… Есіме түссе, ішіме у толып кетеді. Үкіметтің шамасы келмегесін, ең болмаса ел білсін деген оймен мілитсадағы Қазыбекке айтып­ едім: телевизорға шығарайық – деп. Орындаған екен. Азамат қой… Уу-аһ… Ә, сен баланы­ танып отырмын. Былтыр Қазыбектің қасында  жүрген  шопыр  бала  емессің  бе?
– Иә.
– Уу-аһ… Ағаларың  барда талай-талай мық­тылардың  дәм  татқан  шаңырағы еді бұл. Қазір­гі күй осы… Уу-аһ… шай қояйын… Оған шейін мына қағаздарды қарай беріңдер, керегін сүгіретке түсіріп алыңдар, барлығы 557 бет, мілитса Қазыбектің ақылымен нөмірлеп қойдым… Сендерге сенем ғой… Сонда да айтып жатқаным… Жымқыра алмайды ешкім, жым­қыртпаймын. Қорқытады мені ағылгөйлер: «Өлтіріп  кетсе  қайтесің»  – деп, тап бар ғой ішін с…, өлтірсе – Ордекеңнен жаным артық емес, тек балалар жас боп дымымды құртып тұр, әйтпесе бар ғой, екі қолым қанішерлердің жағасы­нда кетер еді. Енді тек тайталасып өтем, ізінен қалмаймын… Тірі тұрсам бір ұшын шығарам­ын мұның… Дәкіменттердің тағы бір данасын­  басқа үйге тығып отырмын, қазір сенім  жоқ  қой… Уу-аһ!…
Орынбек қағаздарды қарауға кірісті, кейбірін камера­ға да түсіріп алуда. Сәлден соң ол жүйесіздеу жазылған, түсініктен гөрі баянхатқа келетін оқушы дәптерінің екі парағын қолына  алды.
– Ореке, бұл өзіңе айтқан Кенжебаевтың жаз­басы  ғой.
– Кенжебаевты содан кейін қозғаған жоқсыңдар ма?
– Жоқ. Оны қайтеміз. Сағадаттың өзі кісі өлтір­генін мойындап тұрғасын біз оны онша қажет  қыла  қоймадық.
– Осыны толық түсіріп алайықшы. Мына тұста Сағадат «Ордекеңнің қалтасынан шыққан бобыраған ақшаны Тұрғанбай алды деп айтты» деп жазылыпты. Ол  не  қылған  ақша?
– Онысын білмедім. Біз бұған назар да аудар­маппыз. Сағадат мойындап отырғасын, керегі бола қоймас­, – деп ойлағанбыз ғой.
– Ақша… Бобыраған ақша? Бұл не қылған ақша? Мал бағып жүрген адамның қалтасында мұнша ақша қайдан жүр? Бұл, тіпті, қисынсыздау емес пе, ол марқұм­ға  қайдан  келген,  неге  қалтасында  жүр? Осы жерде бір гәп болып тұр-ау. Бұл мәселені басқа жаққа бұратын  сияқты ғой өзі. Мұны тексеру  керек…­  Нұрлан, мынаны­  анықтамаса болмайды.
Тергеушінің санасында түрлі сұрақтар тайталасы басталды, ішкі дүние, ой қақ жарылған, бірі – мынауың дұрыс десе, екінші қарсы шығады.­ «Апырмай… Нағыз қиын түйінге кезік­песем болар еді… Ол тұс қиын кез емес пе еді, өзіміз де көрдік қой, тіпті екі-үш айлап айлық ала алмай жүрген кез емес пе ол. Иә… оқиға көктемде болып тұр… Теңге қарашаның он бесінде ғана шықты. Біздің ауылдағылар да теңге шыққанға дейін ақша көрмеп еді ғой… Бәлкім, бәленің  басы – сол ақшада жатқан жоқ па  екен?».
Тергеушінің санасында түрлі сұрақтар тайталасы басталды, ішкі дүние, ой қақ жарылған, бірі – мынауың дұрыс десе, екінші қарсы шығады.­ «Апырмай… Нағыз қиын түйінге кезік­песем болар еді… Ол тұс қиын кез емес пе еді, өзіміз де көрдік қой, тіпті екі-үш айлап айлық ала алмай жүрген кез емес пе ол. Иә… оқиға көктемде болып тұр… Теңге қарашаның он бесінде ғана шықты. Біздің ауылдағылар да теңге шыққанға дейін ақша көрмеп еді ғой… Бәлкім, бәленің  басы – сол ақшада жатқан жоқ па  екен?».
Оның ойын ыдыс-аяқ дыбысы бұзды. Осы үймен ұзақ жылдардан тағдырлас екенін анық байқататын көне дастарқан жайылды, сортын анықтау мүмкін емес ақшыл шай құйылды. Орынбектің назары таба нанға  ауды. Жүгері ұнынан пісірілсе керек, таба нан тілімдене жарылып­ піскен екен, пышақпен турау да күшке түсетін түрі бар. «Е… Құдай аясын… Қайтеді­ енді… Ықыласына рақмет!.. Не дегенмен ерлігі бар әйел  екен…».
– Қарақтарым… Жайымыз осы… Бұрын талай­ мықтыларды күткенбіз, қазір «Бәлду-бәлду  бәрі  өтірік»  болып  тұр. Қайтеміз, көңілге алмаңдар.
– Ой… не дегеніңіз, біздер оның адамы емеспіз. Ықыласыңызға не жетеді, Алла разы болсын!
Нұрлан жөпелдемете сөйледі де: «Жеңгей, мына тілші жігітке бар білетініңізді, естіген-сезгеніңізд­і  баяндап  берсеңіз  дұрыс  болар  еді», – деп қолқа салды.
– Елдің бәрі Сағадаттан болды дейді… Қайдан білейін, көзім анық жетпегенмен, ішім «сол» – дейді, содан күдіктенем… Бірде, сол Ордеке­ң жазым болатын шамада Сағадат пен Тұрғанбай:  «Ордекең  насы­бай  сұратып жатыр», – деп ақ пен қызылдың арасында үйге келіп тұр. «Ау, кеше ғана бір дорба насы­бай­ алып  кетіп  еді ғой, бұрын ылғи  да  бір  дорбасы­ бір  аптаға  жететін еді», – дедім. Сағадат  ананы­-мынаны­ айтып отырды, неге кел­генд­ерін ит білсін. Олар кетерде Тұр­ғанбай сәл  кідіріп, Сағадаттың  көзін ала  бере:  «Ордекең мен Сағадат ілінісіп  қал­ды», – деді. Осы кезде әлгінің сөзін естімесе де Сағадат түсі бұзыла, Тұр­ғанбайды ала көзімен ата, жеңінен сүй­рей, «жүр-жүрдің» астына алып, шығып кетті. Әй, негізі солар со күні Ордекең­ді  жазым  қылып  келіп тұр ғой деген ой  келеді  қазір… Қайтейін…  Уһ… Ішім  жанып  кетеді…­
Орынбек әлі де манағы ой жетегінде отыр еді, әңгіме арасында сол ойдағы күдіктер тайта­ла­сын  тексеріп  өтуді  жөн  көрді.
– 1993-94 жылдар өте қиын болды ғой елге. Біз де шет жағасын көрдік. Сабан ақша десек те, сол кезде тіпті қолына ақша ұстамағандар да болды  ғой.
– Уу-аһ… Болды ғой… Біз де ол кезде ақша көрмедік, елдің айлығына колхоз өлейін деп тұрған тоқты-торымын беріп құтылатын еді ғой. Бастықтар ақша болатын тана, қашар, өгіздерді алатын, оны Ордекең айтатын. Бақташы бол­ғасын біледі ғой. Кейде сол білгені бәле болды ма деп те ойлаймын. Әйтеуір, бірде Жаңақор­ғаннан қызулау келді, жаман домбыраны біраз тыңқылдатып, ән салған болды. Түріне қарасам, алабұртып тұр екен. «Ау, папасы, не болған саған­, ән салуды ұмытқаныңа ықылым заман өтіп  еді. Бүгін біртүрлі болып отырсың ғой өзің», – деген едім, қабағы түйіле түсті. Сосын маған қарап: «Саспа Томпақ! Біздің де дүріл­дейтін кезіміз таяп қалды», – деді… Аһ!.. Уһ!.. Есіме түссе ішім… қайнап кетеді… Алла-ау, ағаларың «Томпақ» деп тек бір рабайд­а, қатты көңілденген кезде ғана айтатын, баяғы қыз-жігіт  болып танысып жүргенде қойған аты ғой… Өзі қызық еді, марқұм… Жұрт ашуланса – қабағы түйіліп, қуанса – күлетін болса, ағаларыңда бұл керісінше болатын. Бастапқыда мен де түсінбей жүрдім ғой… Ол ашуланса – тісі ақсиып, күле бастайтын. Мұнысы бір қызық болатын­… Талайлардың ол күліп отыр екен деп бейқам қалып, артынан  опынға­ндары болды ғой… Өте  қарулы, ешкімге  есесін  жібермей­тін… Жер  айтып  бармасын, кек­шілдеу  де  болаты­н… Уу-аһ… Уһ…
Орынбек әлі де манағы ой жетегінде отыр еді, әңгіме арасында сол ойдағы күдіктер тайта­ла­сын  тексеріп  өтуді  жөн  көрді.
– 1993-94 жылдар өте қиын болды ғой елге. Біз де шет жағасын көрдік. Сабан ақша десек те, сол кезде тіпті қолына ақша ұстамағандар да болды  ғой.
– Уу-аһ… Болды ғой… Біз де ол кезде ақша көрмедік, елдің айлығына колхоз өлейін деп тұрған тоқты-торымын беріп құтылатын еді ғой. Бастықтар ақша болатын тана, қашар, өгіздерді алатын, оны Ордекең айтатын. Бақташы бол­ғасын біледі ғой. Кейде сол білгені бәле болды ма деп те ойлаймын. Әйтеуір, бірде Жаңақор­ғаннан қызулау келді, жаман домбыраны біраз тыңқылдатып, ән салған болды. Түріне қарасам, алабұртып тұр екен. «Ау, папасы, не болған саған­, ән салуды ұмытқаныңа ықылым заман өтіп  еді. Бүгін біртүрлі болып отырсың ғой өзің», – деген едім, қабағы түйіле түсті. Сосын маған қарап: «Саспа Томпақ! Біздің де дүріл­дейтін кезіміз таяп қалды», – деді… Аһ!.. Уһ!.. Есіме түссе ішім… қайнап кетеді… Алла-ау, ағаларың «Томпақ» деп тек бір рабайд­а, қатты көңілденген кезде ғана айтатын, баяғы қыз-жігіт  болып танысып жүргенде қойған аты ғой… Өзі қызық еді, марқұм… Жұрт ашуланса – қабағы түйіліп, қуанса – күлетін болса, ағаларыңда бұл керісінше болатын. Бастапқыда мен де түсінбей жүрдім ғой… Ол ашуланса – тісі ақсиып, күле бастайтын. Мұнысы бір қызық болатын­… Талайлардың ол күліп отыр екен деп бейқам қалып, артынан  опынға­ндары болды ғой… Өте  қарулы, ешкімге  есесін  жібермей­тін… Жер  айтып  бармасын, кек­шілдеу  де  болаты­н… Уу-аһ… Уһ…
– Елде  ақша  болған  жоқ  дейсіз  ғой  ол  кезде?­

– Е, шырағым! Сол ақша дегенің бізде әлі де жоқ. Осы ауыл да, мына көрші колхоз да ақшаның мөрін тоқсан сегізден кейін ғана көрді. Кез келген қазақтан сұрасаң – осыны айтары анық. Ал, Ордекең кеткен­ кезде… Аһ!.. Уһ!.. Ақша түгіл зымырық та жоқ. Біз сәбет үкіметі құлап қалғасын-ақ ақша дегенді ұмытқамыз ғой… Ана бір жалтыраған басында қанды қалы бар сайқал келді де көпіріп-көпіріп, құлатып тынды тым жақсы үкіметті. Өзі де құдайдан табар-ау… Ол үкімет тұрғанда бар ғой қағар едім қазықты арттарынан…  Қанішерлердің…  Әттең…  Уһ!..
Мұның  барлығын  бейнекамераға  түсіріп  отыр­ған Орынбек енді көңіл жұбатары аз дастарқан бетін, іліп алары жоқ үйдің ішін, марқұмның әйелін, балаларын бөлек түсіре бастады. Балалардың дөңгелене қалған көзінде үрей байқалғанмен, қызығушылық  басым түсіп, мұның қолындағы құрылғыға әуестене­ қарайды. Балалар санасында үрей мен үміт, әрекет­те­рінде жасқаншақтық пен әуестік тайталасы жүріп жатқан сияқты, ал бұл кезде тергеуші ойы да қым-қуыт сұрақтарға жауап іздеуде болатын. «Иә… Елде ақша жоқ кезде далада мал бағып жүрген мар­құмның қалтасындағы бобыраған ақша қайдан келген?­ Сағадатт­ар марқұмның үйіне не мақсатпен келді екен? Марқұм әйеліне «Біздің де дүрілдейтін кезіміз жақын» деп неге айтты екен, бұл нені меңзей­ді? Бұл жерде біз білмейтін бір сыр жатқан сияқты ғой. Неге сол кезде бұл іс қысқаруға кетті екен?».
Оның ойын әйел даусы бұзды.
– Жорналис бала, мен мынаған сөйлесем қайтеді? Заңнан қайран жоқ, үкіметтен қайран жоқ, енді бәрін халыққа айтайын да. Артығы болса қиып тастар­сыңдар. Әйтеуір, сендерге кесіріміз тиіп кетпесін…
– Мейліңіз. Ал, сөйлей беріңіз.
– Мен Шынар Ермағанбетқызымын, күйеуім кісі қолынан қаза тапты. Жеті балам бар, үкімет «Алтын алқадан» бастап біраз сылдырмақтар берген, бірақ олардың соқыр тиын құны болмай тұр. Ауданнан бастап президентке дейін арыздандым, бірақ, күйеуім­нің өліміне қатыстылар жазаланбай отыр. Уһ… Бармаған бастығым, қақпаған есігім қалған жоқ… Құмалақшыға да бардым, Түркістандағы көріпкелге де бардым… Қайтейін… Басы ауырған адам не істемейді… Бірақ, құмалақшы да, көріпкел де  бірінің  аузына бірі түкіріп қойғандай: «Күйеуің кісі қолынан  өлді. Бұған көп адамдардың қатысы бар, ішінде погондылар да бар, бәрін басқарып отырған­ үлкен  бір  бастық бар, соның айтқанымен болды бәрі. Бірақ, оған сенің қолың жетпейді. Қолы қандылар қастарыңда жүр», – дейді. Ел ішінде сөз жата ма, біреу­лерді атайды. Иә, күдіктенетін адамдарымыз да бар. Біз күдіктеніп отырған адам бұрыннан таныс, аралас-құралас боп жүрген жігіт, нәйіті ол біреулер­дің қолшоқпары болып, сорлап отыр ғой. Әйтпесе, бізде «алты аласы, бес бересісі» жоқ, күйеуімді аға тұтып  жүрген  жан еді. Міне,  халқым,  менің  жайым­ – осы. Талай жылғы арызымнан ештеңе шықпағасын өздеріңе шағынып отырмын. Қанішерлердің мойнына біреудің қанын жүктеп, қаннен-қаперсіз жүргені күйдіреді. Жылап отырған мен – мынау, шулап отырған жеті бала – анау. Біздің көз жасымызды көретін жан бар ма екен? Уһ-һ-һ!
Осы кезде ол егіле жылап жіберді, оған балалар қосылды. Жан түршіктірер, денені тітіркендірер сәт орнап, бөлме ішін қайғы мен ыза тайталасынан туған,­ әсте тілмен жеткізілмес дауыс кернеп кетті. Бір уақ басылып, бір уақ қайта көтерілген жылаудан қайғыме­н көмкерілген мұң, ыза, нала, күйініш, торығу­, жоқтау сарындары қатар еседі.
Қаралы жанды тоқтау айтып, әзер басқан екі жігіт Жаңақорғанды бетке алып жолға шықты, бірақ сол азан-қазан болған үн құлақтарынан кетер емес.
Кім білген, бәлкім, бұл жаратушымның пенделер­ тойымсыздығы мен жауыздығына деген ашу-ызасы ма екен, әйтеуір, бұлар күре жолға түскенде жерді тітірете, бұлт қабаттарын тілгілей сатыр-сұтыр, жарқ-жұрқ етіп, аспанды қақырата найзағай ойнады.

Жалғасы бар…

Leave A Reply

Your email address will not be published.