Шу ауданында қарттарға құрмет көрсетілді

0 3

ZHAMBYLNEWS — Тәуелсіз еліміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келіп отырған 1 қазан — халықаралық «Қарттар күні». Елдің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырлары мен тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесіне орай Шу ауданында жан-жақты игі істер жалғасуда.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 110 жалғыз басты және аудандағы 25 зейнеткерлік жастағы аз қамтылған қарттарға 675 мың теңгеге азық түлік пакетін таратты.


Сондай-ақ Шу ауданы жастар орталығының жастарымен бірлесе отыра өз еркімен жүріп-тұра алмайтын жалғыз басты қарттар мен қарт мүгедектерге көңіл бөліп, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетіп қолғабыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.