Жамбыл ауданында жастар қарияларға ерекше қолдау көрсетуде

0 0

ZHAMBYLNEWS – 1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында Жамбыл ауданының жастары үлкенге ыстық ықыласын көрсеттті. Ауданындағы 17 ауылдық округтің әкімдік қызметкерлері мен жастар ісі жөніндегі кеңесшісілері ауылда саналыға дана сөзін аямаған қариялардың үйіне арнайы барып, үй шаруасына көмектесіп, қоймаларын қыстық отынға толтырды.


Ал медицина қызметкерлері ардақты ардагерлердің үйіне бас сұғып, денсаулығын сұрап, қан қысымын өлшеп, медициналық көмек көрсетсе, ауыл жастары ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңына тазалық жұмыстарын үйлестірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.