Жамбыл облысында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты мерекелік жиын ұйымдастырылды

0 1

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты мерекелік жиын ұйымдастырды  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Масұтұлы, облыстық «Ақжол» газетінің бас редакторы, департамент жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі Оралхан Дәуіт, облыстық «Жамбыл» телеарнасының директоры Мейіржан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының орынбасары Бекбатырова Жамиля Елеуқызы, «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Михаил Те, «Taraz24» телеарнасының директоры Жамбыл Момынжанов қатысты.

Жиын барысында «Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырған «Үздік тикток», «Адал еңбек бейнесі» атты сурет байқауын», мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік қызмет–ел мүддесіне адал еңбек» эссе байқауын, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының білімгерлері және магистранттары арасында «Жобалар» байқауларының жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.