«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп облыс студенттері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында түсірілген үздік тикток байқауын ұйымдастырды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Байқау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге, адалдық, әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттауға, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған 30-дан астам бейнеролик келіп түсті.
Комиссия отырысы қорытындысымен төмендегі жеңімпаздар анықталды:
І орын – Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің студенті Сәмен Нұрғазы;
ІІ орын – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері Өмірғали Аружан, Алик Нұрсұлу;
ІІІ орын – Тараз сервис және технология колледжінің студенттері Алим Мадина, Мадиярова Мөлдір.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған студенттер бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталып, үздік бейнероликтер әлеуметтік желілерде орналастырылды.