Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында өткізілген жобалар байқауы өз мәресіне жетті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында өткізілген жобалар байқауы өз мәресіне жетті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Облыс студенттері мен магистранттары арасында өткізілген жобалар байқауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында 24 жоба келіп түсті. Қоғамның дерті болып табылатын сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, онымен күресудің тиімді тәсілдері, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың кешенді жоспарлары туралы идеяларын жобаға түсірген студенттер жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілдерін ұсынды.
Комиссия отырысы қорытындысымен төмендегі жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Нүсіпжанов Ерсұлтан Кәрімжанұлы, Халықаралық Тараз инновациялық институтының магистранты;
2 орын – Адамбаева Айназ, Халықаралық Тараз инновациялық институтының 3 курс студенті;
3 орын – Насенкова Ажар, Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті.
Байқау қорытындылары бойынша үздік атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшының орынбасары Ж.Бекбатырова, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова, облыстық «Ақ жол» газетінің редакторы О.Дәуіт, облыстық «Jambyl» телеарнасының директоры М.Әлібекұлы, облыс студенттері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған студенттер бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаз атанған студенттердің жобаларынан көрініс тапқан тың идеялар Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына ұсынылатын болады.