Сарысу ауданының басшысы Марат Сұлтанғалиевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында коронавирус инфекциясы және пневмонияның таралуына жол бермеу жөніндегі штаб отырысы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жиында денсаулық сақтау объектілерінің КВИ таралуына дайындығы, денсаулық сақтау саласының дайындығы, вакцина салуды қалыптастыру туралы мәселелер көтерілді.
— Вакцина — індетті тоқтату үшін үлкен мүмкіндік. Көп алса, бұл екпенің тиімділігі артады және індеттен тезірек құтыламыз.
Сондықтан түсіндірме, алдын алу жұмыстарын дұрыс жүргізіп, сақтық шараларын бірлесе отырып атқарайық,— деді Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев.
Штаб отырысында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиевтің баяндамасы тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.