Ербол Карашөкеев Амангелді Иманов атындағы орта мектептің құрылыс жұмысымен танысты

0 15

Сапарының соңында Ербол Карашөкеев Бектөбе ауылындағы Амангелді Иманов орта мектептің де құрылыс жұмысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «Invest Kapatal Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының аудандық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова мектептің шатыры, ішкі әрлеу, еден, жылу, кәріз, электр жүйелерін және сыртқы келбетіне ретке келтірілгенін тілге тиек етті.

Жалпы 2019-2020 жылдары ауданға «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясындағы 48 жоба 1,3 млрд теңге қаралып, ауыл-аймақтың реңі кіріп қалды. Тұрғындардың алғысы да ерекше. Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауданымызда ауыз толтырып айтатындай жұмыстар атқарылғанын жергілікті жұртшылық жақсы біледі.Жоба шеңберінде 2021 жылға 3 тіректі елді мекенді (Айшабибі, Полатқосшы, Өрнек) және 7 спутниктік елді мекендерді (Бектөбе, Қызылқайнар, Түрксіб, Пригородное, Гродиково, Ерназар, Тоғызтарау) қаржыландыру үшін 16 жобаға 883 млн 503 мың теңге бөлініп отыр. Оның ішінде Өрнек ауылында 202 млн теңгеге 140 орынды өнер ордасының құрылысы басталды. Ағымды шығындар бойынша 15 жоба жүзеге асады, деді аудан әкімі Сәкен Қаланұлы.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Карашөкеев алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асатынын, өңірге қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.