Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 27 қазандағы мәлімет жарияланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
27 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 8 212 313 адам вакцина салдырды, II компонентпен 7 393 113 адам егілді.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 989 921 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 931 567 адам екінші компонентін салдырған.
Екпе алудан екінші орында — Түркістан облысы. Өңірде 963 899 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 870 789 адам 2-компонентін егілген.
Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 860 074 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 757 733 адам екінші бөлігін қабылдаған.