Жамбыл облысында Шу және Талас аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті

0 1

Ертеден қазақ пен қырғыз арасындағы байланыс бекіп, мемлекеттік сипатта өріс алып келеді. Осының айғағы ретінде 30 қазанда Қырғызстан Республикасы Шу және Талас аудандарының Жамбыл облысымен көп жылдық сауда-экономикалық ынтымақтастығы аясындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Көне Тараз» этномәдени кешенінің аумағында өтетін жәрмеңкеде қырғыздық шаруалар 130,8 млн. теңгені құрайтын 128,6 тонна өнім ұсынды. Оның ішінде 21,7 тонна картоп, 19,1 тонна капуста, 15 тонна сәбіз, 2 тонна пияз, 30,1 тонна алма, 40 кг құрғақ жеміс және 0,5 тонна сүт өнімдері бар. Сонымен қатар, 2615 дана ағаш көшеттері, 100 дана гүл көшеттері өткерілді.

Жәрмеңке барысында Қырғыз елінің өнерпаздарының мерекелік концерті ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аймақ басшылары кездесіп, арнайы Меморандумға қол қою рәсімін өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.