Талас ауданында «Етті тұқымды малды қыстық жайылымда ұстауды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді

0 18
Талас ауданында Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінің ұйымдастыруымен «Етті тұқымды малды қыстық жайылымда ұстауды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
 Оқыту семинарына аудан әкімінің орынбасары Медет Әбдімашұлы Уристенов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Тәжібекұлы Ерубай, ауылдық округ әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы саласы мамандары және шаруа қожалық төрағалары қатысты.
 Семинарды өткізуге Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің а.ш.ғ.д., профессор — Нұрғазы Қуат Шайполлаұлы, «Агро-Даму» басқармасының инспекторы Жұмашева Айгерім Ертісқызы арнайы шақыртылды.
Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Іс—шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
 Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы, соның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығы. Ал етті тұқымды мал өнімдері агробизнестің жоғары экспорттық мүмкіндігі зор салаларының бірі. Сондықтан өтіп жатқан семинар ауданымызда мал басын асылдандыру ісіне соңғы жылдары жасалған үлкен бетбұрыстың кезекті көрінісі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.