Жамбыл ауданында сәбіздің әр гектарынан 35-40 тонна өнім алуда

0 11

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев егістік алқаптарын аралап, сәбіз жинау науқанының барысын көрді. Жалпы, өңірде 1921 гектарға сәбіз орналастырылса, қазір оның 1900 гектары қазылып қапталған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өңір басшысы Гродикова ауылдық округіндегі егістік алқаптарын аралады.

Ауыл әкімі Болат Қожабековтың айтуынша, биыл 240 гектарға сәбіз егілген. Шаруалардың өніміде көңіл көншітеді. Әр гектардан 35-40 тоннадан сәбіз жиналуда.

Шаруалардың егістік жайын сұраған Сәкен Қаланұлы баға саясатын тұрақтандыру үшін қолға алынған «Қоймадан-сөреге» жобасының мән-жайын кеңінен түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.