Талас ауданында «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

0 34

Талас ауданы Қаратау қаласы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектепте Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің үйлестіруімен «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Дөңгелек үстелге аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог Әнебеков Жанұзақ Рысбекұлы, мектеп әкімшілігі және 9 сынып оқушылары қатысты.

Бүкіл әлемнің саяси — әлеуметтік, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ең өзекті мәселелердің бірі, діни экстремизмнің мақсаты — елді азғындату, тұрақтылыққа іріткі салу. Егер діни бағыттағы бейтаныс адамдар Сіздерге брошуралар, журналдарды ұсынса, сыпайы түрде бас тартыңыздар. Біздің мақсатымыз мектеп оқушылары, орта және жоғары білім беру беру ордасының білімгерлеріне, бойжеткен азаматтар мен азаматшаларға жат ағымның жетегіне еріп кетпеу үшін оларға дұрыс ақпарат айтып, көкейдегі сауалдарына тұщымды жауабымызды беру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу,деді теолог маман.

Сонымен қатар, арандатушылыққа итермелейтін дәстүрлі діннен тыс ағымдар туралы жалпы тұрғыда мағлұмат алған мектеп оқушылары өз ойларын ортаға салды. Мектеп оқушылары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.