Талас ауданында әлеуметтік сала үздіктері марапатталды

0 2

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні деп белгіленген. Кәсіби мереке биыл оныншы рет аталып өтілді. Атаулы күнге орай, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында әлеуметтік қызметкерлерге арналған салтанатты жиын өтті. Онда ауданға еңбегі сіңіп, абыройға бөленген сала ардагерлерімен бірқатар қызметкерлер марапатталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай, Талас ауданы әкімінің «Құрмет» грамотасымен «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік қызметкерлері Кутбаева Тенгекуль Бостановна, Искендирова Сауле Итбаевна, N 3 Әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының маманы Бегимова Марьям Еркиновна, аудан әкімінің алғыс хатымен «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік қызметкерлері Сейдалиева Фарида Аширбековна, Сыдыкова Гульжазира Мустафаевна, Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Бультаева Альбина Казбековна, Жусипбаева Айжан Телжанқызы марапатталды.

Аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Роман Әлімханұлы кәсібіне адалдықпен, жабыққан тағдырларға жауапкершілікпен қарап, жүрегіне мейірім шуағын ұялатқан әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, күрделі салада тынбай еткен еңбектеріне зор ризашылығын білдірді.

Қамқорлық көрсету, әуелі, әлеуметтік қорғау мекемелерінің мінсіз қызметі арқылы орындалады. Жәрдемақы мен төлемдердің және қызметтердің әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға бағытталып, мұқтаж азаматтарға тепе-тең әрі әділ түрде бөлініп, жаппай қамтылуы — аталмыш жүйе жұмысының жемісі. Бұл ретте, сол салада сан жылдар бойы қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі ерен.

Жиын соңы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы өнерпаздарының мерекелік концертімен ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.