Қаратау қаласында «Бір тал кессең, он тал ек!» акциясы ұйымдастырылды

0 24

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай, аудан орталығы Қаратау қаласында «Бір тал кессең, он тал ек!» акциясы ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған шараға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсемов Жұмабек, қала әкімінің міндетін атқарушы Дархан Байымбетов, бөлім басшылары және Тәуелсіздік құрдастары мен жас отбасылар қатысты.

Бұл акцияның негізгі мақсаты – отбасы құндылығына мән беру. Себебі жанұяның тірегі болған азамат өмірде ұрпақ тәрбиелеп, үй салып, ағаш егуі басты ұстанымдарының бірі. Одан бөлек, мұндай игі іс-шаралар халықтың экологиялық санасы мен мәдениетін дамытуға септігін тигізері анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.