Сарысу ауданында 20 780 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланған

0 9

Сарысу ауданында тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Жалпы, ауданда 20 780 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ауданда вакцинаның 7 егу пункті жұмыс атқаруда, оның ішінде 1-і көшпелі.
Бүгінде, 20 802 аудан тұрғыны екпенің 1-ші компонентін қабылдап, көрсеткіш – 100,1 пайызға орындалып отыр.

2-ші компонентті сәйкесінше – 17 386 адам қабылдаған қалған вакцина өз кезегімен және уақытымен жоспарлы түрде салынуда.
Вакцинация жұмыстары бойынша аудан көлеміндегі 1 қала және 9 ауылдық округ тұрғындары 100,0 пайыз қамтылды.

Сонымен қатар, аудан бойынша тұмауға қарсы (гриппол) вакцинациялауға 11 500 адам жатады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге 11 200 тұрғын екпе қабылдады (97,4%).
Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.