Сарысу аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде коронавирус инфекциясына шалдыққандарға арналған 80 — инфекциялық төсек толық жабдықталған. Қосымша 9 ИВЛ аппараты мен 36 оттегі концентраторлар бар , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдары жеткілікті. Дәрі-дәрмектердің 2,5 айға жеткілікті қоры қалыптасқан.
Әкімдік жанынан құрылған 3 мониторингтік топтардың жұмыстары күшейтілді.
Жыл басынан 288 рейдтік іс шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде, 5 заңды тұлғаға және 35 жеке тұлғаға карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
Сонымен қатар, «Ашық» жобасына бүгінгі күнге 207 нысан тіркеліп, жұмыс атқаруда.