Арубаев ҚР Парламенті Сенатының тыңдауында баяндама жасады

0 13

Арубаев ҚР Парламенті Сенатының тыңдауында баяндама жасады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде елордада «Ауылшаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау өтті.

ҚР Парламенті Сенаты отырысының мәжіліс залында өткен жиында Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев «Ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның нәтижелері» туралы баяндама жасады.

Сәкен Қаланұлы баяндамасында қанатқақты жобаның жақсылығы, аталған жобаның шарапатын көріп отырған ауылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге азайғанын, төрт түлік пен ауыл шаруашылығында тың серпілістің нәтижелерін тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.