Қаратау қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында соғылған Көктал су қоймасының құбырлары өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жаңаланбаған. Ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткендіктен Қаратау халқына сапалы ауыз су жеткізу өзекті мәселеге айналған еді. Бүгінгі таңда «Нұрлы жер 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында су құбырларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек құрылыс барысымен арнайы барып танысты. Құрылыс нысаны бойынша Көктал су қоймасына 4 су құбыры қазылмақ. Оның екеуі 270, екеуі 170 метр тереңдікте. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады.