Әлия Ахметова «AntikorLive» жобасы аясында сұхбат берді

0 19

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Ахметова Әлия Аманқұлқызы «AntikorLive» жобасы аясында сұхбат берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сұхбат барысында Департаменттің міндеті мемлекеттік саясатты іске асыру және техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылатындығын атап өтті.

Кәсіпкерлік кодексіне және Департаменттің Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен бекітілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2021 жылдың тізіміне сәйкес, метрологиялық талаптардың сақталуы бойынша 7 субъектіге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындалып, нәтижесінде 5 субъектіде бұзушылықтар анықталып, зертхана маманымен газ құю пунктінде құйылатын сұйытылған газдың мөлшерін анықтау кезінде, бұзушылық орын алған.
Тексеру қорытындысы бойынша Департамент заңды тұлғаға 452 135 теңге сомасында 155 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу арқылы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілгендігін айтты.

Спикердің айтуынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Департаментінің жоспарына сәйкес, прокуратура, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысуымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау мақсатында бірқатар оқытулар өткізілген. Департамент басшысы тарапынан өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында, облыстық баспа құралдарына, радиоға, әлеуметтік желілерге мақалалар тұрақты түрде жарияланып,ішкі талдау жылына екі рет жүргізілетіндігін атап өтті.

Сөз соңында күн сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті нұсқаулықтар және талапқа сәйкес журнал жүргізіледі, сонымен қатар, департаментте сенім телефоны да жұмыс істейтіндігін ескертіп,өз баяндамасын қорытындылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.