Тәуелсіздік мерекесіне орай Талас ауданының бір топ азаматы марапатталды

0 23

Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек марапатталушыларды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің арқасында Талас ауданы көптеген жетістікке қол жеткізгенін, мұның барлығы өңір азаматтарының тынымсыз еңбектері мен қолдауының нәтижесі екенін баса айтты.

Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 02 желтоқсандағы Жарлығымен бірқатар азаматтар «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдерімен марапатталды. Сондай—ақ, өңір дамуына елеулі үлес қосып жүрген аудан азаматтары «Халық алғысы» медалімен, Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы өкіміне сәйкес, 2 азамат «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Одан бөлек, Қазақстан Мәслихаттары депутаттарының бірлестігінің шешімі бойынша «Қазақстан Мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағы еңбек ардагері Тоқтыбаев Базылхан Жұртшыбайұлы мен Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің директоры Маселбеков Докторбек Манатбекұлына берілді.

Өз кезегінде, Базылхан Жұртшыбайұлы: барша марапатталушылар атынан алғыс білдіремін. Бұл құрмет бізді жаңа белеске жетелеп, жігерлендірері сөзсіз. Мереке құтты болсын!»,-деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.