Соңғы үш жылда мойынқұмдықтар аграрлық салаға бет бұрды

0 11

Соңғы үш жылда мойынқұмдықтар аграрлық салаға бет бұрды. Мал шаруашылығына қолайлы Мойынқұм ауданының тұрғындары соңғы жылдары егін, бақша дақылдарын егуге бет бұра бастады. Бүгінде аталған саланы алға бастыру үшін елеулі жұмыстар атқарылуда  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Алдымен алқаптарға су жеткізетін жекеменшік иелегіндегі каналдар мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонын нәтижесінде оларды мемлекет есебінен ашу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қазір Айдарлы, Бірлік, Биназар, А.Назарбеков, Көкжелек, Күшаман ауылдарының диқандары соңғы үш жыл көлемінде жүгері, арпа, жоңышқа, бақша дақылдарын егіп, одан мол өнім алуға қол жеткізіп келеді.

Айдарлы, Бірлік, Күшаман ауылдарында жаңа қырман салынды. Айдарлы, Бірлік ауылдарында жаңадан өндірістік кооператив құрылып, пайызы төмен несиенің есебінен ауыл шаруашылығы техникалары алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.