Мойынқұм ауданындағы 24 ауылдың 17-сі ауыз сумен қамтылған

0 5

Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары өткір мәселеге айналған тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету жайы мемлекеттік «Ауыз су», «Ақбұлақ» бағдарламалары арқылы жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Қазір аудандағы 24 ауылдың жартысынан көбі таза суға қол жеткізген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Отыз жылдың ішінде Мойынқұм, Бірлік, Айдарлы, Биназар, Күшаман, Жамбыл, Қылышбай, Ұланбел, Мирный, Шығанақ, Мыңарал ауылдары мен Мыңарал стансасына су құбыры жүргізілді. Аудан бойынша 24 ауылдың 17-сі ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жобалық құны 1 млрд. 483,3 миллион теңге болатын «Ақсүйек ауылын сумен жабдықтау және тарату құрылысы» нысаны құрылысына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, жобаны қаржыландыру бойынша облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді.

Сонымен қатар Ақбақай, Көкжелек, Хантау ауылдарының магистралдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 31,1 млн. теңге қаражат қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы тапсырыс берілді.

Биылғы жылы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Қарабөгет-Сарыөзек» ауылдарын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» нысаны бойынша республикалық және облыстық бюджеттерден 742,9 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстары басталды. Аудан бюджетінен Мойынқұм ауылы ішіндегі ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 100,0 млн. Айдарлы ауылында осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуге 53,0 млн. теңге қаралып, жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.