Еліміздегі төтенше жағдай өте ауыр. Жаңаөзендік ағайынды қолдап, қымбатшылыққа қарсы бас көтереміз деп, бүлікшілердің арамызға кіріп кеткенін байқамай да қалдық. Қаншама мемлекеттік ғимараттар қирап, әсем қалаларымыздың бүгінгі қалпы жүректі ауыртады. Солардың кесірінен ер азаматтарымыздан айырылып отырмыз.
Президентіміздің халыққа жасаған үндеуімен толықтай келісемін. Барлық әріптестерім мен Отандастарымды осынау қиын күндері «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға» шақырамын. Отанымызда экстремисттердің ойларына келгенін жасауға жол бермеуіміз керек. Арандатушылардың сөзіне ермей, нағыз патриот екенімізді көрсететін сәт туды.
Түрлі қаңқу ақпараттарға сенбей, тек ресми дереккөздерге назар аударуларыңызды сұраймын.
Президентіміз Қ. Тоқаевтың бастамаларын қолдайық!
Отанымыз бен ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін елдігімізді сақтайық!
Дархан Баймбетов, Қаратау қаласының әкімі