Тұрғындар әскерилерді үш мезгіл тамақпен қамтуға ниетті

0 8

Елімізде орын алған террорлық іс-әрекеттердің соңы төтенше жағдай режимінің және Жамбыл облысында коменданттық сағаттың еңгізілуіне әкеліп соқты. Жамбыл ауданы бойынша 7 блок-бекет қойылып, 400-ге жуық жастан құралған «халық сақшылары» полиция қызметкерлері мен әскерилерге қолғабыс етуге ниетті екенін аңғартты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгін Гродекова блок-бекетіндегі тәртіп сақшыларының ел тыныштығы жолындағы жұмыстарына Гродекова және Жалпақтөбе ауылының кәсіпкерлері, Ішкі істер органдарының ардагерлері, мешіт имамдары, ауыл азаматтары: Маюфи Абдулхалил, Рахымберді Саламатов, Хайрулла Азимов, Әкімжан Жақыпов, Рахматулла Каримов, Шарип Азинаев, Абдулмалик Абдуллаев, Андрей Тимофеев, Шарипов Абдулмалик, Абдухалил Юнусов, Акрам Жаналиев, Руслан Исмазов, Зериядин Жамалов, Раззақбай Аманбеков, Сәпілмәлік Тәжиев, Нұржан Тоқбергенов әскерилерді төтенше жағдай режимі аяқталғанша үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етуге ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ, ІІО-ның ардагерлері тәртіп сақшыларының блок-бекеттегі жұмысына көмекке келуге әзір екенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.