Көптеген қазақстандықтар қаңтар трагедиясынан кейін психологтардың көмегіне жүгінді. Бұл оқиғаларға реакция әртүрлі жарақаттар тудыруы мүмкін — сарапшы
Болған оқиғалар ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Қазақстандықтар өзара көмек көрсету мен шынайы қолдаудың үлгісін көрсетті. Трагедияның алғашқы күндерінен бастап еріктілер, меценаттар, журналистер, қарапайым азаматтар бұл қиындықты еңсеруге көмектесті. Алайда, сол оқиғаларға қатысушылар мен куәгерлердің психологиялық жағдайы ерекше мәселе болып табылады.
Сонымен қатар, бұл оқиғаларға реакция әртүрлі жарақаттар тудыруы мүмкін – резонанстық, шок, ретравматизация, сондай-ақ стресс, әдетте адамның өткір эмоционалды жағдайымен қатар жүреді. Осы мәселенің маңыздылығын сезіне отырып, еліміздің психологтары тыс қалған жоқ. Бұл туралы Қазақстан психологтар одағының өкілі, Нұр-Сұлтан қаласының практикалық психология және психотерапия орталығының директоры Светлана Косенко хабарлады.
«Психологтар одағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша қаңтар айында зардап шеккен азаматтар үшін психологиялық қолдау шараларын ұйымдастырды. Жалпы, 18-53 жас аралығындағы адамдар психологтың көмегіне жүгінді, оның ішінде 25 әйел, 8 ер адам. 12-24 қаңтар аралығында 28 тәжірибелі психолог 37 сағат жеке кеңес берді. Консультациялар барысында қандай мәселелер анықталды? Бұл дүрлігу, кінәсін сезіну, ұят, апатия, қала ішінде жүруден қорқу, ер адамдардан қорқу, қатты мазасыздану, жабық кеңістіктен қорқу. Үнемі оқ пен жарылыс сияқты дыбыстарды естуге шағымданғандар да бар. Болашаққа деген қорқыныш сезімі, бұрынғы өмірін жоғалту, бизнеспен проблемалардың болатыны, жалғыздық сезімінің күшейе түсуі. Балалардан айырылып қалудан қорқу көп байқалды. Жағдай балаларда агрессияның шиеленісуіне қатты әсер етті», — дейді сарапшы.