Жемқорлықты жою талқыланды

0 17

2022 жылдың 25 сәуірі күні «Antikor ortalygy» алаңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен білім беру саласына қарасты мекемелердің комплаенс -офицерлерімен кездесу өтті.

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің жұмысы мен осы саладағы жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелерін талқылау.

Департаменттің басқарма басшысы Дәурен Омаровтың айтуынша, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді және заманауи әдістерін қолдану мемлекеттік органдар үшін ғана емес, квазимемлекеттік сектор үшін де өзекті болып табылады.
Комплаенс қызметінің маңыздылығы талқыланған жиында қатысушылардың негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы айтылып, қызметтерін адал атқаруға шақырылды.
Ал мекемеде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін өздеріне жүктелетін жауаптылықты сезінген әрбір басшы бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше басымдық беру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңыздылығы жеткізілді.

Жиын барысында қатысушылар мектепке дейінгі және арнаулы орта оқу мекемелерінің комплаенс -офицерлері ішкі талдау барысында туындайтын мәселелері және негізгі басымдықтарын талқылап, пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста квазимемлекеттік сектордың 360 ұйымында комплаенс қызметі жұмыстарын атқаруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.