Сотталғандар спортта сайысқа түсті

0 19

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-158/4 мекемесінде жалпы 13 жасақ бар. Бүгін осы жасақтар арасында спорттық іс-шаралар өтті ,  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жазасын өтеушілер  кір тасын көтеру, үстел теннисі, дойбы ойындары бойынша өзара сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен жарыста сотталғандар бір-біріне дес бермеді. Десе де, жарыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те болатыны анық. №9 жасақтың сотталғандары алдарына жан салмай, өздерінің мықтылығын дәлелдеп, бірінші орынға ие болса, 2-ші және 3-ші орынды №8 және №10 жасақтар өзара бөлісті. Осы іс-шараға белсенді қатысып, жүлделі орын алған жеңімпаздарға мекеме бастығы әділет полковнигі Ерлан Мейірманұлы Тоқановтың қаулысымен «Алғыс» жарияланды. Спорттық сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, аталған мекемеде мұндай спорттық сайыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жазасын өтеушілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін көтеру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.