Тараз қаласында  «Достықпен мықтымыз» атты екінші жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

0 17
Тараз қаласында Достық үйінде Тараз суретші-иллюстраторы, «Арбат Тараз» шығармашылық тобының өкілі, Жамбыл облысы ҚХА «Журналистер клубының» төрағасы, облыстық»Коре» этномәдени бірлестігінің өкілі Михаил Борисович Тенің  «Достықпен мықтымыз» атты екінші жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Экспозицияда негізінен аралас техникада орындалған 35 жұмыс ұсынылған. Суреттердің авторы графикаға жақын және жұмыста тушь, гель және капиллярлық қаламдар, қарапайым және түрлі-түсті қарындаштарды қолданғанды жөн көреді. Сондықтан да болар, вернисажда қара-ақ, түрлі-түсті, компьютерлік графикамен салынған суреттер назарға ұсынылды. Барлық жұмыстар қазақ және корей этностарының өзіндік және көп қырлы мәдениетіне арналған, таңдалған тақырыптың сипаты мен тақырыбын толық көрсететін, қайталанбас, жарқын колжазбалар болып саналады.
Қазақ халқының тарихи өткен кезеңдері қолынан өнер тамған Михаилдың «Бабалар мұрасы», «Ақыртас», «Ежелгі Тараздың қабырғаларында» суреттерінен көрініс тапты. Корей мәдениеті «Танец с барабанами», «Гармония», «Мелодия дождя» шығармаларында нақышталған.
Сондай-ақ, аңыздар мен мифтерге негізделген бірқатар картиналар — «Әруақтармен кездесу» және «Бәйтерек туралы аңыз» жұмыстары мистикалық көріністен хабар береді.
Көрме кешегі күннен бастап 10 күн бойы өтеді және кез-келген адам таңғажайып жұмыстармен таныса алады, бейнелеу өнеріне жаны құштар әрбір жан бұл әсерлі көрмеден өздеріне қажеттісін таба алады және суретшінің картиналарында бейнеленген оның ерекше әлеміне толығымен еніп, авторға өз бағасын бере алады деген пайымдамыз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.