Референдум- тағдыршешті саяси науқан

0 25

Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңызын аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүруде. Ол үшін қазіргі таңда аудан орталығы мен барлық ауылдық округте қоғамдық штаб құрылып, жергілікті тұрғындармен жалпы саны 27 кездесу өтті — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмыстары барысында халықты дәстүрлі құлақдандыру белсенді шаралары да назардан тыс қалмады. Жаңатас қаласы мен барлық ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі инспекторлары жергілікті тұрғындарға рефендум жайлы түсіндіру парақтарын таратты.

Үлестірілген және үгіт-насихат тақталарына орналастырылған үнқағазда қолданыстағы және жаңа редакцияланған заң жобалары қамтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.