Бүгін 1-шілде Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Домбыра сенде мін бар ма?» атты тақырыпта мерекелік концерт өтті.
Концерттік бағдарламаны алдымен аудан әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов ашып, домбыра күнінің шығу тарихымен жиналғандарға таныстырып, іс-шараның мақсатына тоқталып, өнерпаздарды айтулы мерекемен құттықтады.
Жиында аудан өнерпаздары қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны жырға қосып, Құрманғазының күйлерін күмбірлете орындады. Атап айтар болсақ, әншілер Алуа Сейсенқұл, Төреби Жексенбек, Ақжан Мәмбетәлиев, Бектұр Оңалов, Бағдат Туғанбай, Медет Калиакбаровтар «Домбыраның күмбірі», «Домбыра туралы баллада», «Домбыра сазы», «Тау ішінде», «Анамның махаббаты» әндерін шырқаса, Мойынқұм ән-би ансамблі «Балбырауын» күйін орындады. Ал, Балауса Әділхан, Нұрым Мақсұт, Ержан Омаровтар «Секіртпе», «Әке толғауы», «Адай» күйлерін көпшілікке үсынды.