Бүгін аудандық мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер, Полиция қызметкерлері және «Судья және сот қызметкерлері » күніне орай салтанатты шара өтті.
Шараға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков қатысып, мемлекеттік қызметшілермен полиция және сот қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдіріп, қиындығы мен жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар еңбегімен еленген қызметшілерді марапаттады.
Сондай-ақ аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов және аудандық полиция бөлімінің басшысы Жарас Тоқабаевтар жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, кәсібіне адалдық танытқан бірқатар азаматтарды және тәртіп сақшыларын Мойынқұм аудандық мәслихатының «Құрмет грамотасы», «Қазақстан полициясына – 30 жыл» мерекелік медалімен және алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары әннен шашу шашты.