Жазасын өтеушілер диплом алды

0 10

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде кәсіптік-техникалық колледжін бітірушілерге диплом табыстау рәсімі өтті.

 

Мекемеде 50 сотталған азамат білімдерін дәлелдейтін құжаттарын еншіледі. Олар «электромонтаждау» және «дәнекерлеу» ісі бойынша мамандық иесі атанды. Абақтының арғы жағында оқу оқып, кәсіби сауатын арттырған сотталғандар енді тұрақты жұмысқа тұрып, жалақы алу мүмкіндігіне ие болады. Осы түзеу мекемесіндегі өндіріс орындарында жұмыс істеп, қаржысымен жәбірленуші тарап алдындағы берешегін өтеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бостандыққа шыққанда да бұл дипломның пайдасы ти іп, олар жұмысқа орналаса алады.

Мерекелік іс-шараға мекеме әкімшілігі мен колледж мұғалімдері қатысты. Жазасын өтеушілерге дипломдарын колледждің өндірістік оқыту шебері Жамбыл Джангазиев және мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы әділет капитаны Мұқағали Құрманқұл табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.