ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов Т.Рысқұлов ауданының активімен кездесті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері аудан әкімі Ернар Есіркеповті сынға алды.
«Әкімдіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы, атап айтқанда ішкі талдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудағы әлсіз жұмысын атап өткен жөн. Өздеріңіз білетіндей, қаржылық-шаруашылық қызмет, реттеу және бақылау функциялары, кадрлық процестер, мемлекеттік қызметтер, бақылау-қадағалау функциялары және мүдделер қақтығысын реттеу бағыттары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне көбірек ұшырайды. Алайда бүгінгі күнге дейін нәтиже жоқ. Аудан әкімінің жақында тағайындалуына байланысты әкімдік қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау үшін сапалы талдауды бастау керек. Демек, жемқорлықтың алдын алу жұмысына салғырт қараған жағдайда облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мемлекеттік органның қызметіне сыртқы талдау жүргізуі қажет болады»,-деп атап өтті Ернар Мақажанов.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен өңірде бизнесті қорғау және кәсіпкерлікке жағдай жасау мәселелері талқыланды.
«Бүгінде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басым бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы жолдауында атап өткендей, пандемия кезінде қиын жағдайда қалған шағын және орта бизнес қолдауға аса мұқтаж. Бұл тұрғыда кәсіпкерлікке заңсыз араласу, оның қызметіне кедергі жасау «мемлекетке қарсы ауыр қылмыс болып қарастырылады»,-деді Ернар Мақажанов.
Бұдан кейін Департаменттің Превенция басқармасының басшылығы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын, №4 Үлгілі базалық бағыттың міндеттеін іске асыру бойынша жұмыстың негізгі аралық қорытындыларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов Т.Рысқұлов ауданының активімен кездесті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері аудан әкімі Ернар Есіркеповті сынға алды.