Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде сотталғандарға арналған кітапхана ашылды.
Мұнда жазасын өтеушілер өздерін қызықтырған әдебиеттерді оқып, сауаттарын арттыруларына болады. Кітапханада 12192 кітап қоры бар. Дәл осы күні түзеу мекемесінде Ар-рахман Ар-рахим мешітінің имамы А. Ембергенов және мекеме жасақтарының тәрбиешілер кеңесі сотталғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нақтырақ айтқанда, Қылмыстқ атқару кодексінің 104-бабы, 2-бөлігі, 3- тармағы және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 17.11.2014 жылғы №819 бұйрығының 2-тарауы, 10-тармақшасында көзделгендей, сотталған азаматтарға мекеме аумағында санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттігі, атап айтқанда сақал қойуға тиым салыну себептері мен салдары айтылып түсіндірілді.
Сотталғандармен кездесуде жүргізілген үгіт-насихат пен мәліметтер бойынша туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар қайтарылды.