Халықаралық Нельсон Манделаның күніне орай сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар  ұйымдастырылды

0 21

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінде Халықаралық Нельсон Манделаның күніне орай, сотталған азаматтар арасында спорттық іс-шаралар, атап айтқанда кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.  Бұл іс-шараға Жамбыл облысы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Дмитрий Халидов қатысты. Ол жазасын өтеушілерге Нельсон Манделаның өмір жолынан деректер келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Н. Мандела апартеидке қарсы, адамның тең құқықтары, демократиялық құндылықтар жолында күресті. Сол жолда түрмеге де түсті. 27 жыл өмірін түрмеде өткізген ол сол мерзімнің  жартысынан астамында жалғыз адамдық камерада отырған! Айта кетсек, 1994 жылғы 27 сәуірде Оңтүстік Африкада қара нәсілді сайлаушылардың дауыс беруіне мүмкіндік беретін алғашқы сайлау өткізілді. ХВҚ 63 пайыз дауыс жинады, яғни парламенттің басым көпшілігі оны қолдады. Нельсон Мандела түрмеден босатылғаннан кейін төрт жыл өткен соң Оңтүстік Африканың алғашқы қара нәсілді президенті болып сайланды.

Мандела басшыларын Оңтүстік Африкада жаңа үкіметпен жұмыс жасауға ынталандыру мақсатында көптеген батыс  елдеріне барды. Ол сондай-ақ бірқатар африкалық елдерде, соның ішінде Ботсванадан, Угандадан және Литвиядан бейбітшілікті нығайтуға көмектесуге күш салған. Мандела көп ұзамай Оңтүстік Африканың  көптеген елдерінде  құрметке ие болды. 

Еске салсақ, Нельсон Мандела күні халықаралық мерекелер күнтізбесіне 2010 жылдың 18 шілдесінде қосылды. Бұл бұрынғы Африка Президентінің бостандық пен бейбітшілік жолындағы орасан зор үлесін мойындау үшін пайда болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.