Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде таңғы сағат 6:20 шамасында Жамбыл облыстық ҚАЖД бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің қызметкерлері күдікті Сисенкулов Т. Ж. қолға түсірді. Ол мекеменің «Төрткул» аймағы жағындағы бетіндегі қоршаудан скотчпен оралған затты өткізбекші болған.
Тараз қалалық полиция басқармасының арнайы қызметі шақырылып, күдікті орам ашылды. Оның ішінен 6 дана батырмалы «Nokia» телефоны, 6 дана қуаттау құралы, 3 дана USB сымтетик пен 2 насыбай салынған қалта табылды. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру басталды.