Аймақтағы ауылшаруашылық саласында 100,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілген

0 117

Аймақта ағымдағы жылдың I жартыжылдығында ауыл шаруашылығы саласында – 100 239,3 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, оның ішінде егін шаруашылығында — 4 385,0 млн. теңгенің, мал шаруашылығында — 95 790,2 млн. теңгенің өнімі шығарылды. Қарқынды дамып келе жатқан саланың көрсеткіштері Байзақ ауданында да көңіл қуантарлық. Мәселен биылдыққа 9,9 мың тонна ет, 16,8 мың тонна сүт өндірілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйіздііріқара 107,7 %-ға, қой 112 %-ға, жылқы 115 %-ға, түйе 105,6 %-ғаөскен-деп хабарлайды  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Байзақ ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 59 790 гектар болды, оның 29 549 гектары суармалы. Көктемде 5 445 гектар жер жыртылып, 30 530 гектар жерге дақыл себілген. Жаздық масақты дақылдар 12 790 гектарға егілсе, жаңа көпжылдық шөп 4 700 гектар жерге орналасты. 5 704 гектарға көкөніс өнімдері, 1 400 гектарға масақты дәнді дақылдар, 1 000 гектарға қант қызылшасы, 1 800 гектарға бақша өнімдері, 700 гектарға картоп, 2 000 гектардан астам жерге жүгері тұқымдары себілді.

Бұл мәліметтерді аудан әкімі Қазанбасов Бақыт айтты. Онда биылдыққа 9,9 мың тонна ет, 16,8 мың тонна сүт өндірілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 107,7 %-ға, қой 112 %-ға, жылқы 115 %-ға, түйе 105,6 %-ға өскен.

«Көктемгі дала жұмыстары кезінде жалпы 3 шаруа қожалық мемлекеттік бағдарламамен 29 млн теңгеге несиелендірілді. Бұдан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизинг арқылы 6 шаруашылық 99,8 млн теңгеге 7 трактор және «Тараз ӘКК» арқылы 1 шаруашылық 25,2 млн теңгеге 2 трактор және 43 млн теңгеге 1 комбайн алды. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша да шаруашылықтар субсидия алуда. Биыл аудан бойынша 616 шаруашылық жалпы 1 млрд. 24 млн теңге субсидия алды», — деп атап өтті Бақыт Алпысбайұлы.

Спикер мал шаруашылығы субсидиясымен 454 шаруашылық қамтылып, 672,4 млн теңге еншілегенін жеткізді. Инвестиция субсидиясымен 39 шаруашылық қамтылып, 165,4 млн теңге алған, егін шаруашылығы субсидиясымен 14 шаруашылық 49,7 млн теңге иеленген. Қайта өңдеу өнімдерін өндіргені үшін 1 шаруашылық 44,4 млн теңгемен субсидияланса, кредит және лизинг пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 108 шаруашылық 92,2 млн теңгеге көмек алды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.