ЖД-158/4 мекемесінде теңбіл доптан сайыс өтті

0 57

ЖД-158/4 мекемесінде өткен демалыс күндері жасақтар арасында теңбіл доптан сайыс өтті.

Мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа 50-ге тарта сотталғандар бірнеше командаға бөлініп, ойын көрігін қыздырды. Жасыл алаңдағы тартысты өткен ойын соңында шебер ойнап көзге түскендер құрметке бөленді. Сонымен бірге барлық қатысушыларға сый-сыяпат берілді. Еске салсақ, бұл турнир осыдан тура бір ай бұрын басталған болатын. Әр апта сайын кіл мықтының арасынан кіл мықтылар іріктеліп, жүлделі орындар үшін тартысқа түсті. Ойын нәтижесі бойынша шыныққан әрі шебер аяқдопшылар өздерінің футболдағы кәсібиліктерін дәлелдеп, өзгелерден оқ бойы озық шықты.

Айта кетсек, сот үкімімен кінәлі деп танылған жандар сан түрлі спорт  секцияларына қатысып, салауатты өмір салтын да берік ұстануы үшін мекемеде арнайы жұмыс жоспары бекітілген. Яғни, әр сенбі-жексенбі күндері осындай жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.