Шу ауданында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
Бүгін Д.Қонаев ауылында 180 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Көркіне көз тоятын нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының бүгінгі қуанышымен құттықтады. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Қайранов та жерлестеріне жүрекжарды лебізін жеткізді.
Конституция күніне үйлестіріліп ел игілігіне берілген мәдениет ошағы замануи үлгіге сай бой көтерген.
Сондай-ақ жаңа нысанның қазандығы да көгілдір отынға қосылған. Бұл — ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы болатын. Өйткені 6 мыңға жуық тұрғыны бар Д.Қонаев ауылы ауданымыздағы ең үлкен ауыл болып саналады.