Қылмыстық-атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің РГУ-59 мекемесінің қызметкерлері Жамбыл облысы ІІД Қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Айша бибі көшесінің бойындағы бетон қоршаулардың маңынан полипропилен пакетін тапты.
Пакеттің ішінде оқ-дәрісіз, «ТОЗ» маркалы қос ауызды аңшы мылтығы бар болып шықты. Сондай-ақ, жедел ақпарат негізінде шалғай Қарасу бағытындағы көпірдің төменгі жағынан, тас жолдың сол жағындағы 100 метр қашықтықта құрылыс блоктарының астынан 20-шы калибрлі қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Нақтылы кезеңде табылған қару-жарақтарға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.